Ж А Д Н А М А
2010 -2011 оқу жылындағы 9 сынып оқушыларына арналған Мемлекет аралық бақылау байқау тесіне арналған ЖАНДАМА
2011 жылдың 20.02.-1.03. аралығында №1 қазақ орта мектебінде МАБ өткізіледі. Сағат 08.00 оқушылар мектепте болу тиіс - Өзіңізбен бірге: қара сиялы екі қалам (гелевый емес), майлы қара қарындаш, жұмсақ өшіргіш. Сонымен бірге кішкене құмырамен су алып кіруге болады. - Өзімен бірге бөтен заттарды (дәптер, калькулятор, пейджер, ұялы телефон, сөмке, пакет, корректор сұйықтығын, анықтамалық әдебиеттерді) алып кіруге болмайды. Менделеев және тұздардың ергіштігі таблицаны алып кіруге болады. - Тест тапсырушының киімі өзіне ыңғайлы болуы керек. Және өзін сабырлы ұстауы тиіс. Шифр мен кодты қате белгілеуде жазған теттің нәтижесі керексіз болып шығуы мүмкін. - Тест тапсырып отырған кезде көршілермен қарым-қатынас жасауға, сөйлесуге, көшіруге, айтуға, сұрақ қою, кедергі жасауға, кезекшнің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға, аудиториядан шығуға болмайды. - Тест тапсырушы шпаргалка, қосымша анықтамалармен ұсталса тест тапсырудан шығарылады, жұмысы қабылданбайды. - Тестілеу уақыты 4 сыныптар үшін 45 минут, ал 9-сыныптар үшін 2 сағат 15 минут (әрбір пәнге 45 минуттан). Сұрақ кітапшаларын тарату және жауап парағының қызметтік секторларын толтыру тетсілеуге бөлінген уақытқа кірмейді. Тест тапсырмаларының саны -20 (4 сынып), 90 (9 сынып)
Б Ұ Й Р Ы Қ
Мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы Қалалық білім беру бөлімінің 19.02.2010 жылғы «Жалпы білім беретін ұйымдарда мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» № 94-Ө бұйрығын негізге ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР «Білім туралы» Заңының 59 бабы, 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беретін ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы Ережесі (бұдан ары – Ереже), білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің (бұдан ары-Комитет), 2010 жылғы 1 қаңтардағы №1 және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының 13.01.2010 жылының №13 бұйрығы негізінде 9 сыныптарда – орыс тілінен, дүние жүзі тарихынан, шетел тілінен мемлекеттік аралық бақылау өткізу қамтамасыз етілсін.
2. МАБ-тың материалдарын уақытында 2010 жылдың 15 наурызына дейін МАБ өткізілетін білім ұйымдарына, 9 сыныптардың қорытынды тестілерін 2010 жылдың 15 наурызында сағат 15-00-ке дейін жеткізу үшін комплексті техникалық ұйымдастыру іс-шаралар кешені жүргізілсін.
3. 2006-2010 жылдарда өткізілген МАБ-тың нәтижесіне элементтік талдау жасап, педагогикалық кеңесте қаралсын, 2010 жылдың 25 наурызына дейін білім сапасын көтеру мақсатында шаралар.
4. Бұйрықтың орындалуын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Ж.Бегімхановаға жүктеймін.
5. Негізгі бұйрықтың орындалуын және іс-шаралардың орындалуын қадағалауды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Кадироваға жүктеймін.
Мектеп директоры: Исанова Р. Д.
Таныстым: Кадирова А. Ш., Бегімханова Р. Ж.